Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады.
Теміржол көлігі: Биыл жазда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты арқылы жетіуге болады. Оның 4-еуі — жыл бойы қатынайтын бағыт болса, тағы 9-ы — маусымдық қосымша бағыттар.
Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен және Ақтоғай қалаларынан қатынайды.
Алматы – Алакөл: № 207/208 «Алматы-2 – Жалаңашкөл» (аптасына 2 рет);
№ 221/222 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
№ 211/212 «Алматы-2 – Достық» (маусым–шілдеде жұп күндері, тамызда тақ күндері);
№ 337/338 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
№ 21/6941/6942/22 «Алматы-1 – Достық» (жұп күндері).
Астана – Алакөл: № 54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
№ 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
№ 122/6942/6941/121 «Нұрлы жол – Семей» (жұп күндері).
Басқа бағыттар: № 31/6942/6941/32 «Павлодар – Достық» (жұп күндері);
№ 21/6942/6941/22 «Қызылорда – Достық» (тақ күндері);
№ 457/458 «Семей – Достық» (тақ күндері);
№ 459/460 «Өскемен – Достық» (тақ күндері);
№ 6941/6942 «Ақтоғай – Достық» (күн сайын).
Әуе қатынасы: 2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлдің қасында орналасқан Үржарға субсидияланатын рейстерді орындай бастайды. Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 6 рейс орындалады.
Астана - Үржар бойынша бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге, ал Алматы - Үржар бағыты бойынша – 14 мың теңге. Сондай-ақ, жаз мезгілінде Ушарал қаласына субсидияланатын әуе рейстерін іске қосу мәселесі пысықталуда.
Автомобиль көлігі: Жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» жолы Алакөлге дейін апарады. Бұл жолға толықтай жаңа асфальт төселді. Жетісу облысы жағынан Үшарал арқылы одан кейін 180 шақырымдық «Үшарал – Достық» жолымен өтіп, көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады. Абай облысы жағынан «Таскескен – Бақты» жолы арқылы Мақаншы ауылына (133 км), әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына жетуге болады.
Алакөл көліне апаратын барлық республикалық маңызы бар автожолдарда жаңа асфальтбетон жабыны төселді