Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында 2024 жылдың 21-31 наурыз аралығында Қызылқоға ауданы аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы ретте, тәртіп сақшылары іс-шара барысында көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында қызмет етеді. “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.