Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мотокөлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

 9 мамыр күні сағат 10:36-да Атырау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының инспекторы «Ретропарк» саябағы алдында мотокөліктердің жиналғанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттады. Оқиға орнына барған инспекторлар қоршаған ортаны ластаған мопед жүргізген 3 жасөспірімді анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабымен хаттамалар толтырды.

Саябақта жиналған 50-ден астам мотокөлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттары тексерілді. Тексеру кезінде 8 мотокөліктің құжаттары толық болмай шықты. Оның ішінде 7 көлік айып тұрағына қойылып, оларды 7 жасөспірім жүргізгені белгілі болды. Бір жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен хаттама толтырылды, тағы біріне қатысты материалдар жинақталуда. Сонымен қатар, 5 жасөспірімге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен және 590-бабы 2-бөлігімен хаттамалар және 18 жасқа толған жүргізушіге 612-баптың 4-бөлігімен 1 хаттама рәсімделді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT