Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет

ҚР ІІМ-нен 2023 жылдың 02-ші қарашасында шығыс 1-5-5-6-78/3836-И санды Полиция қызметкерлерінің құқықтық сабақтар өткізуі туралы нұсқау негізінде және облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен жасалған және оларға қарсы орын алатын қылмыстардың деңгейі өсуіне байланысты профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, жол-көлік жарақаттануы, қауіпсіз мінез-құлық, дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттер және т.б. тақырыбында құқықтық түсінік беру мақсатында Қызылқоға АПБ- і бастығының орынбасары полиция подполковнигі Н.Қарасартов , Сағыз полиция бөлімшесі бастығы полиция капитаны М.Амангелдиев, Қызылқоға АПБ кадр саясат тобының аға инспекторы полиция капитаны Л.Бекетова және округ әкімі У.Адилов, Сағыз ауылдық амбулаториясының дәрігері С.Елемесова қатынасуымен Сағыз ауылы "Шұғыла" мәдениет үйінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.

Іс-шара кезінде оқушылар арасындағы боулинг, нашақорлықтың зияны мен таралуы, жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы сонымен қатар ҚР ІІМ-не оқуға шақыру жөнінде арнайы бейнероликтер көрсетілді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT