Еуразиялық биржалар федерациясының бас хатшысы Константин Сароян Joining Tabadul Hub халықаралық конференциясында Еуразияның қор нарықтарындағы өтімділікті қалай арттыруға болатынын айтты. Оның айтуынша, ҚҚС өсуі жалпы капитал нарығына әсер етпейд, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, ҚҚС өсімі жекелеген компаниялардың қызметіне әсер етуі мүмкін. Бірақ салықтың жалпы деңгейі көтерілсе, бұл листингтелген компанияларға көп немесе аз әсер етеді дегенді білдірмейді. ҚҚС өсімі бәріне бірдей әсер етеді және капитал нарығына тікелей қатысы болмайды.
Бұдан басқа, өтімділікті өсіру үшін инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыру, яғни оларды жергілікті нарыққа инвестиция салуға көндіру қажет, деп есептейді еуро-азиялық биржалар федерациясының бас хатшысы.
- Сондай-ақ, әлеуетті эмитенттермен корпоративтік басқарудың ашықтығы мен бөлінуінен қорықпау үшін жұмыс жүргізу қажет, - деп қортындылады спикер.
Қазақстан жаңа салық кодексін әзірлеп жатыр. Онда салықтың кейбір түрлері бойынша жаңа мөлшерлемелер жазылады деп күтіледі. Мысалы, ұзақ уақыт бойы 20% деңгейінде мөлшерлеме ұсынылғанымен, ҚҚС-ты 12%-дан 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылданды. Кейбір салалар үшін ол 0%, 10% тең болады, сондай-ақ кейбір салалар салық төлеуден босатылады.