КІТАП ОҚЫ, ӨРЕНІМ!

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың, кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті.

Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген болатын Ғ.Мүсірепов. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітапхана қорындағы әдебиеттер мен басылымдарды пайдалануымен тығыз байланысты. Кітапхана қоры тоқсанына бір рет жаңа әдебиеттермен толығып, оқырман қажеттілігін қанағаттандыруда. Бүгінгі оқушы – ертеңгі маманның бойындағы отаншылдық, адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіруде – халқымыздың қилы тарихын, мәдени мұраларын, әдеби қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін өз оқырмандарына кітап арқылы насихаттауда. «Кітап – білім бұлағы» демекші, кітапханада ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіру мақсатында өлкенің тарихы, мәдениеті мен өнері және экономикасынан сыр шертетін «Өлкетану», баспасөз материалдарынан құралған «Мерзімді басылымдар картотекасы» оқырмандарға көмекші құрал ретінде ұсынылып, жаңа материалдармен толықтырылып отырады.

Мемлекет басшысының Жолдауларын басшылыққа ала отырып, жаңалықтар мен жарқын істерді халық арасында насихаттаумен қатар, оқырмандардың кітап оқу мәдениетін көтеру, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханада өткізілген мәдени- көпшілік шаралар кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайтуда.Соның бірі- аудан көлемінде балалар арасында дәстүрлі өткізіліп келе жатқан «Оқы, кітап өренім!» атты кітап оқу марафоны. Эстафеталық оқу марафоны Ойыл ауылдық кітапханасында жалғасын тауып, жазушы Сапарғали Бегалиннің шығармашылығын танымалдандыру мақсатында өткізілген «Бала Шоқан» хикаятынан кітап талқылау кеші болып өтті. Шарада жазушының өмірдерегімен шығармаларынан слайд жасақталып, «Көркем ойдың алыбы» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.

Шығарма желісі бойынша «Мысық пен Шоқанның кездесуі», «Шоқанның өз ұясынан ұлы жолға аттануы» атты көріністер көрсетіліп, «Кім көп оқыды», «Бұл кімнің сөзі» бөлімінде сұрақтар беріліп, талданды. Шығармадан үзінділер оқылып, жазушыға арналған Ж.Қашқыновтың «Сүйіктісі халқының» өлеңін 6-сынып оқушысы Ажар Аманжан мәнерлеп жатқа оқыды. Кітап біздің рухани жан азығымыз. Жас ұрпақтың санасында еліне, жеріне деген мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіріп, ана тілі мен әдебиетін, салт- дәстүрін ардақтай білуге тәрбиелеуде – кітаптың алар орны ерекше. Рухани байлықтың берері мол, қайтарымы шексіз. Жаңарған заманауи ақпараттық жаңа технологиялар дәуірлеген уақытта адамзат ақылының киелі мекені, жан әлемін жаңалыққа жетелеген кітапханадағы кітаптың орнын еш нәрсе алмастыра алмайды. Себебі ол шынайы өнерді қалыптастырып, рухани қажеттілікті өтемейді. «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге» деп ұлы ақынымыз Абай атамыз жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің қазынасын тек кітаптан таба алатынымызды ұмытпайық!

Ажар ТІЛЕКБАЙҚЫЗЫ,

Ойыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21