Қызылқоға ауданының тұрғындары, талап қоюшылар Н. және О. жауапкер мекеменің өтемақы төлеуден бас тарту туралы аудандық комиссиясының хаттамалық шешімінің өзіне қатысты бөлігін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінген. Қызылқоға аудандық соты, аталған азаматтардың әкімшілік талап қоюлары бойынша – 2 әкімшілік істі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес қарады.
Сотта, тараптар соттың жәрдемдесумен дауды (жанжалды) сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынып, оны келесі шарттар бойынша бекітуді сұрады. Бұл ретте, жауапкер мекеме комиссиясы, талап қоюшылардың өтінішін қайта қарайды, ал талап қоюшылар талап қою арыздарынан бас тартады. Сот, зерттеу барысында тараптармен аталған келісім еріктілік қағидасына сай жасалғандығын, келісім заңға қайшы келмейтіндігін анықтап, тараптармен жасалған дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы жазбаша келісімді бекітті. Сот ұйғарымымен, 2 әкімшілік іс бойынша да дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары бекітіліп, талап қоюшыларға талап қою арыздары кері қайтарылды. Сотқа талап қоюмен жүгінген кезде төленген мемлекеттік баж сомасы да талап қоюшыларға қайтарылды.
Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.