Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үкіметте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ реформалаудың жай-күйі талқыланды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі.

Реформалау аясында ҚДБ еліміз үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар, өтелу мерзімі ұзақ ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр.

«ҚДБ жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға маңыз беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру мен цифрландыру және Банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521