Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үкімет экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын бекітті.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасында экологиялық мәдениетті дамытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қамтитын кешенді тәсіл көзделген.

Негізгі бағыттар экологиялық ойлауды, жауапты мінез-құлықты, оның ішінде оны ынталандыру жөніндегі шараларды, экологиялық білім беруді және ақпараттандыруды қамтиды.

Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың экология туралы хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.

Нысаналы индикаторларға сәйкес 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды өңдеуді 25% -дан 38% -ға дейін, ал экологиялық тәрбиені нығайту жөніндегі іс-шараларға тартылған білім алушылардың үлесін 15% -дан 40% -ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ азаматтардың экологиялық өмір сүру сапасына қанағаттануының 55,8% -дан 64,7% -ға дейін өсуі күтілуде.

Тұжырымдаманы іске асыру қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылымды дамытуды, экологиялық қауіпсіз практикаларды енгізуді және қоршаған ортаны ластауға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Құжатта сондай-ақ Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT