Бүгінде халықпен тиімді кері байланыс бағытына сай, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ашылған аудан әкімдігінің «Телеграмм» желісінде үш мыңға жуық адам тіркелген.
Жергілікті тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы тығыз байланыс қалыптасып, әр өтініш, талап, ескерту, ұсыныстары мұқият сараланып, тиісті құзырлы органдар мен лауазымды тұлғалар, соның ішінде аудан басшылығы тарапынан жедел, тұщымды жауап беріліп келеді. Бұл игі үрдіс ауданға толық еніп, өз нәтижелерін беріп жүр. Демек, аудан әкімі аппараты сол жұмысты одан әрі жандандыра түсуі керек. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әр азамат өздерінің ерік-қалауын білдіруге құқылы.
Сондықтан, Мемлекет басшысы митинг туралы заңнаманы жетілдіру және митингілер өткізуге белгіленген арнайы орындарды кері қарастыруды тапсырды. Бұл ретте аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 26 сәуірдегі №ІІ – 7 шешімімен ауданда бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізетін арнайы орын белгіленген. Алайда, заңнамаға сай, құқықты бұзуға және бұзақылық әрекеттерге бағытталған акцияларға жол берілмейді. Жалпы, қоғамдық келісімді нығайту – табысты дамудың негізгі факторы.
Ауданда халық саны отыз мыңға жуық болса, 99,9 пайызы қазақтар, қалған 0,7 пайызы өзге ұлт өкілдерін құрайды. Аудан тұрғындарының жүз пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Осы орайда, аудан басшысы аудан әкімінің орынбасары Марат Абуовке келесі жылы "Ерікті жылы» болып жариялануына байланысты жастардың ерікті қызметтеріне кеңінен қатысуын ұйымдастыруды тапсырды.