Қызылқоға ауданында 12 камералдық бақылау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар белгіленген мерзімде орындалмағаны белгілі болды.
Кодекстің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, барлығы 621 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілген. Атап айту керек, Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты - бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісіне беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ресімдейді, мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді және веб-порталда автоматты түрде тіркейді.
Хабарлама бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі. Ол мемлекеттік аудит объектісіне жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындайды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойған жағдайда, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Жалғас БУКАЕВ,
Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік
аудит департаменті басшысының орынбасары