Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кешігіп келген бақылаушылар сайлау учаскесіне кіргізілмейді

Атырау облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сайлау учаскелерінде санитариялық нормалар сақталып, қауіпсіздік шаралы қатаң бақылауда.

Әр сайлау уческесінде сыйымдылығы мен аумағына байланысты бақылаушыларға арналған орындар саны да әртүрлі. Бұл ретте, Сарайшық ауылдық округіне қарасты №223 сайлау учаскесінде бақылаушыларға арналған 3 орын бөлінген.

- Саяси партиялар мен тәуелсіз бақылаушылардың кейбірінің сайлау учаскесіне кіруіне мүмкіндік жоқ. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал осындай шараларды қолдануға мәжбүрлеп отыр. Мен «Нұр Отан» партиясының атынан бақылаушы ретінде осы сайлау учаскесіне тіркелдім, әзірге ішке кіруге мүмкіндік болмай тұр. Өйткені сайлау учаскесіндегі бақылаушыларға бөлінген орындарда үкіметтік емес ұйым өкілдері отыр. Дегенмен, сайлау учаскесінің сыртында «Қазақстан Халық Партиясы» және өзге де саяси партиялардың бақылаушылары бар. Заң баршамызға ортақ, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық талаптарды сақтау бәрімізге артылған жауапкершілік. Бұл жағдайға баршамыз да түсіністікпен қарауымыз керек. Сайлау учаскесінің ішіндегі бақылаушыларға арналған орындардың бірі босаған жағдайда, бізге кіруге мүмкіндік болады. Жалпы тұрғындардың учаскеге келу белсенділігі жақсы екені байқалады, – деді «Нұр Отан» партиясының атынан тіркелген бақылаушы Жандос Дүйсембаев.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521