Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Кемел келешекке бастар жол

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектебі» ұлттық жобасы – ел болашағы үшін жасалып жатқан аса маңызы бастама.

Бұл жоба аясында тек жаңа мектептер салынып қана қоймай, білім беру жүйесі түбегейлі жаңғыртылады, оқушыларға сапалы, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру арқылы жаңа деңгейге қол жеткізіледі. Атырау облысында атқарылып жатқан жұмыстар – осы бастаманың нақты көрінісі. Қалалық және ауылдық аумақтарда бой көтеріп жатқан заманауи мектептер өңірдегі үш ауысымды оқыту, орын тапшылығы, апатты мектептер секілді өткір мәселелерді шешуге жол ашатыны анық. Әсіресе, шалғай елдімекендерде тұратын балалардың сапалы білімге қол жеткізуіне мүмкіндік туып отыр. Бұл мектептер – жай ғана білім ордасы емес, толыққанды дамуға жағдай жасайтын, балаға бағытталған интеллектуалды кеңістік. Заман талабына сай жабдықталған зертханалар, арнайы кабинеттер, инклюзивті орта – мұның бәрі өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашады. Құрылыстың сапасы мен мерзімінің қатаң бақылауда болуы – халықтың үміті мен сеніміне деген жауапкершіліктің көрінісі. Біз үшін әрбір оқушының қауіпсіздігі мен қолайлығы – бірінші орында. Сондықтан осындай бастамалардың жүйелі жүзеге асуы – жарқын келешектің кепілі. Ұлт болашағы үшін жасалып жатқан игі істің сәтті жүзеге асуына тілектеспін. Ел ертеңі – білімді ұрпақтың қолында.

Ерлан ХИСМЕТТУЛЛИН,

«AMANAT» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT