Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне неше әскери тартылады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне неше әскери тартылатынын мәлім етті.

«Конституцияның 53-бабының 5-тармақшасы бойынша, БҰҰ мынадай миссиясына:

Бірінші — Голан биіктігінде бөлінуді бақылау күштеріне;

Екінші — бітімге келу шарттарының орындалуын байқау органына;

Үшінші — Оңтүстік Судан Республикасындағы миссияға;

Төртінші — әуедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету уақытша күштеріне қатысу үшін саны 430 адамнан аспайтын контингентті жіберу туралы ұсыныс енгізіледі», — деді министр. Бұған дейін жазғанымыздай, елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT