Мемлекет басшысы халыққа биылғы Жолдауында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Президент белгілеген барлық тоғыз басым бағыт мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті шешуге бағыттайды.
Менің ойымша, ел азаматы, педагог және ғалым ретінде Мемлекет басшысының Жолдауындағы маңызды сәт – Қазақстанда АЭС салу референдумы және атом энергетикасын дамыту күні белгіленгені. Осыған байланысты алдын ала дайындық жүргізілді – атом электр станциясын салу мәселесі бойынша халықпен кездесулер, болашақта атом энергетикасын дамытатын энергия тапшылығына байланысты түрлі пікірталастар болды.
Электр энергиясын өндіру бойынша Қазақстанның энергетика объектілерін салыстыру жайында қысқаша айтып өтсек. Алдымен – көмір туралы. Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді. Париждің шығарындылар жөніндегі келісіміне сәйкес Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндеттеме алды. Сондықтан көмір энергетикасына инвесторлар болмайды. Көмір өндірісі басым бағыттың бірі болып қала береді. 24,5 ГВт белгіленген қуаттылықтың 13,4 ГВт көмір генерациясымен ұсынылған. Ол күкірт пен азот оксидтерінің, ауыр металдардың эмиссиясымен теріс фактор туғызады, сондай-ақ күлдің көп көлемде болу проблемасы, құрғақ климат және үнемі жел соғып тұруы аумақтың ластануына, экожүйе мен адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Екіншіден, газ. 30 жыл ішінде бірде-бір газ кен орны игерілмеді, Қазақстанда газдың жеткілікті көлемі жоқ. Мысалы, Жамбыл МАЭС алты блокта екі-үш блокты режимде жұмыс істейді, себебі - газ қымбат және жеткіліксіз. Жаңартылатын энергия көздерінің тиімділігі төмен (жел - 30% дейін, күн - 15%. Сондықтан ЖЭК негізгі генерация ретінде қарастырылмайды. Олар тек электр энергиясын сақтау құрылғыларымен ғана қолданылады.
Президент айтқан атом энергетикасын дамыту үшін барлық қажет алғышарттар бар: уран қоры бойынша әлемде екінші орындамыз; АЭС үшін уран, отын өндірудің тиімді технологиясы бар; уран, тантал өнімдерін өндіру бойынша «Үлбі металлургия зауыты» АҚ жұмыс істейді, ҒЗИ бар.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Ядролық физика институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Атом электр станцияларының қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына қатысты мәселе жоқ екенін атап өтуге болады. Сонымен қатар, халықаралық классификация бойынша атом электр станциялары "жасыл энергетика" бөліміне енгізілді, бұл олардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын растайды.
Қазақстанда АЭС салу негіздемесінің аспектілері: техникалық тұрғыда – АЭС - те ІІІ+ жоғары тиімді және қауіпсіз ядролық реакторларды қолдану және елдің оңтүстігінде энергия тапшылығы; экономикалық тұрғыда – отынның төмен құнына байланысты шығындар; экологиялық - парниктік газдар шығарындыларының ең аз мөлшері, қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу; әлеуметтік тұрғыда -барлық әлеуметтік бағдарлама деңгейін қамтамасыз ету (медициналық қызмет көрсету, мәдени, спорттық нысандар, кадрлық әлеуетті дамыту).
Қазақстанның оңтүстігінде 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы шамамен 2 ГВт болады деп күтілуде. Қазір Алматы облысында АЭС салу мәселесі қарастырылып жатыр. Үлкен кенті – ұлттық электр желісінің топографиясы тұрғысынан ең қолайлы алаң деп танылды. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атом энергетикасын дамытатын мемлекет айтарлықтай үлкен саяси салмаққа ие. Дамыған атом энергетикасы кезінде Қазақстан экономикалық өсу, энергетикалық тұрақтылық пен энергия қауіпсіздігі арасындағы теңгерімге қол жеткізе алады. Қазақстанда атом электр станцияларының пайда болуы әрдайым жоғары технологиялық өнеркәсіп пен ғылым салаларын дамытуды қоса алғанда, кешенді ұлттық дамудың драйвері болады.
Президент Жолдауында атап өткендей, электр энергетикасы секторын жаңғырту кезінде атом энергетикасын дамытуға барынша назар аудару қажет. АЭС құрылысы бойынша алдағы референдум қалыптасқан жалпыұлттық диалогтың тағы бір дәлелі және "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы мен "Әділ Қазақстан" идеясының нақты іске асуы болмақ.
Владимир Яшков,
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты,
ҚР еңбек сіңірген энергетигі.