Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстан жер қойнауын геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасының ауқымды кезеңін аяқтады: инвестиция мен тұрақты дамудың жаңа перспективалары анықталды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінде Жер қойнауын геологиялық-геофизикалық зерттеудің 2019-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды. Алты жыл ішінде 2,014 млн ш. м. аумақты қамтитын геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Бұл жоспарланған аумақтың 91,6% құрайды.

Бағдарламаның мақсаты – 2026 жылға қарай ел аумағын геологиялық тұрғыдан толық қамту, жер қойнауының инвестициялық тартымдылығын арттыру және минералдық-шикізат кешенін тұрақты дамытудың ғылыми базасын қалыптастыру.

112 учаскеде төрт негізгі бағыт бойынша жұмыстар аяқталды: геологиялық барлау, минералогиялық карта жасау, терең карталау және гидрогеология. Болжамды ресурстары бар 38 перспективалы бағыт анықталды:
- сирек жер металдары – 2,6 млн тонна
- мыс пен никель – 3,7 млн тонна
- қоңыр көмір – 1,1 млрд тонна
- алтын – 19 тонна.

Одан бөлек, мұнай-газ өнеркәсібі Арал шөгінді бассейнінде 266 млн тонна көлемінде алынатын көмірсутек ресурстарын растады.

Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде геологиялық барлауға 306 лицензия берілді. Салаға тартылған жеке инвестиция көлемі 137 млрд теңгеден асты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT