Қызылқоға ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 27-30 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шара барысында полицейлер жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдықты асыру, басып озу, қарама-қарсы жүру, маневрлеу, қиылыстардан және жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту, жолаушыларды және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін тексеруде.
Қызылқоға ауданы полиция бөлімі