Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауында көптеген өзекті мәселе айтылып, түйіткілді тақырыптар көтерілді.
Соның ішіндегі ең өзектісі - әскердегі әлімжеттік. Бұл мәселе елімізде соңғы жылдары өте жиі көтеріліп жүр Оған себеп - әскерге аттанған жас сарбаздардың әліметжеттікке ұшырап, қаза табуы немесе ауруханаға түсуі. Өкінішке орай бұл мәселе біздің ауданды да айналып өтпеді.
Осыдан 2 жыл бұрын миялылық жас сарбаз әскерде қаза тауып, ол қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Осы және басқа да мәселелерді ескерген мемлекет басшысы бүгінгі кезекті Жолдауында:
“Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты", деді.
Яғни, әскери өмірде заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Ендеше, бұдан былай еліміздің Қарулы күштерінда қатаң тәртіп орнайды деп сенеміз.
Есенбай НҰРОВ,
қорғаныс саласының ардагері