Бүгін Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында облыстың қаржыгерлеріне арналған семинар өтті. Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің қатысуымен өткен басқосуға Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің лауазымды тұлғалары, мекеме басшылары мен есепшілері қатысты.
Маңызды мәселелер талқыланған басқосуды Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті ұйымдастырды.Семинарды кіріспе сөзбен ашқан департамент басшысы Кенжетай Тайшықов бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және ықтимал бұзушылықтарды болдырмау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Ал, Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Айнұр Сеитова 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 738 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілгеніне тоқталды.
— Оның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 50 мекемеге, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 530 мекеме, жергілікті өзін-өзі басқару бойынша — 68, сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордың 7 субъектісіне және құрылысты қазынашылық сүйемелдеу бойынша 83 шотқа қызмет көрсетіледі, — деді ол.
Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин және Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментініңбасшысы Маулен Мутиев семинар кеңестің негізгі мақсаты бюджет қаражатын мақсатты, негізді пайдалану үшін жағдай жасайтын нормалар мен талаптарды орындау және мемлекеттік қаржының неғұрлым ашық және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету екеніне маңызды берді.
Майра ЕРҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ