«Атырауда «Ashyq» жобасына қатысушы театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары және филармониялар залға көрермендерді 20%-ға дейін толтыру арқылы жұмыс істей алады» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.   
 Бұл жөнінде карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы  Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары жариялаған қаулыда жазылған. 
«Мәдени объектілердің (репетициялар) жұмысы 30 адамға дейін; театр, кинотеатр, концерт залдары, филармониялардың толтырылуы 20%-дан артық емес жағдайда жұмыс істеуге рұқсат етілсін» делінген қаулыда.
Еске сала кетелік, Атырауда карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулы шықты.
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 