Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кандидат Маңғыстау облысының кәсіподақ өкілдері және қоғам қайраткерлерімен кездесті  

      Алғашында үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, әлеуметтік әріптестік институтын одан әрі дамытуды қамтитын азаматтық қоғам тақырыбына толығырақ тоқталды.

.        Тараптар республикалық және салалық кәсіподақтардың жәй-күйі туралы пікір алмасты. Қазақстанның «дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» 131 Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциясын қабылдау қажеттілігі талқыланды.
М. Қажыкен сайлаушылармен кездесу кезінде осы құжатқа баса назар аударатынын атап өтті. Конвенция бұл - ең төменгі жалақы деңгейін (ЕТЖ) анықтауда ескерілетін факторларды көздейді. Есептеу кезінде  елдегі жалпы жалақы деңгейін, өмір сүру құнын, әлеуметтік төлемдерді және басқаларын ескере отырып, жұмысшылар мен олардың отбасыларының қажеттіліктері қаралады.
«Конвенцияда ЕТЖ заң күшіне ие екендігі және оның төмендемейтіні анық айтылған. Ережені ескермеген жағдайда қылмыстық немесе басқа шаралар қолданылады. Бұл әсіресе жұмыс берушілер ең төменгі жалақыдан да төмен ақы төлейтін аймақтарда өте маңызды», - деді үміткер.
      Кездесуге қатысушылар зейнетақы аударымдары, жалақы, жұмысқа орналасу тақырыптары мен өңірдің мәселелерін талқылады.

Штабтың баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT