Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кәсіпкерлерге зор мүмкіндік

«Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік гранттарды түсіндіруге арналған семинар өтті.

Оған аудандық кәсіпкерлік бөлімі, Атырау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қызылқоға ауданы бойынша филиалы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары мен мамандары қатысып, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынды ашқан аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфеева:

– Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар көптеп бөлінуде. Сондықтан аудан кәсіпкерлері осы мүмкіндіктерді пайдаланып, грант алуға тырысу керек. Өкінішке орай, көп кәсіпкер грантты төмен пайыздық несиемен шатастырады. Сол үшін де болар грант алуға ұмтыла бермейді. Грант деген – мемлекеттен берілетін қайтарымсыз қаржы. Оны алғаннан кейін қайтармайсыз, тек сол ақшаға ұсынған жобаң бойынша кәсіп жасайсың. Бірақ, ол ақшаны мақсатсыз пайдалануға болмайды. Олай болған жағдайда қаржыны кейін қайтару керек болады. Сондай-ақ, бір кәсіпкер грантқа тек бір жоба ұсына алады. Жоба құны 5 миллион теңгеден аспауы қажет. Мемлекеттік грантқа өтінім бергенде кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың сканерленген көшірмелерін де қоса беруі тиіс. Ең бастысы – өтінім бергенде кәсіпкер мемлекеттік кірістер органдары мен банктерге берешек болмау керек. Былтырғы жылы ауданда өте жақсы жобалар болды. Алайда, грантқа өтінім берген сәтте олардың берешектері шығып, комиссиядан өте алмай қалды, - деген түсінік берсе, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бекзат Сүйінов кәсіпкерлерге арналған «Е-Salyq Business» қосымшасының артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін түсіндірді.

73d199f8-eb14-4d36-9edb-f497a84f964f

Жиын соңында кәсіпкерлер мамандарға көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521