Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кәсіпқой армия – қорғаныстың тірегі

Әскери оқыған ресурстардың жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын арттыру мақсатында Атырау облысының запастағы офицерлері 11 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Атырау облысы аумақтық қорғаныс бригадасының бірінші аумақтық қорғаныс батальоны, арнайы әскерлер батальоны және Атырау облысынан бөлінген күш құралдарымен бірлесе отырып «Дала-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуынан, 23-27 қыркүйек аралағында 41433 әскери бөлімінің «Қарабатан» оқу-жаттығу полигоны мен Атырау қаласының «Тұлпар» тынығу лагерінде әскери-оқу жиынынан өтті.

Жиын барысында олармен тактикалық, жұмылдыру, атыс дайындығы бойынша және халықаралық әскери құқық, әскери педагогика мен психология бойынша сабақ өтті. Әскери-оқу жиынында «Үздік мерген» атанған жерлесіміз, запастағы лейтенант Саламат Тұрланұлы кубокты иеленсе, көзге түскен офицерлер мадақтама қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Жиын кезінде әскери міндеттілердің тұрмыс орны, азық-түлік және киім-кешек жабдықталымы Қорғаныс министрлігінің тарапынан жүргізіледі. Оқу-жаттығы жиынына қатысушылардың жұмыс орны мен лауазымы сақталып, мемлекеттік бюджеттің есебінен орта айлық жалақы төленеді.

Мұхаметқали СОЛТАНОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі

бөлім бастығының орынбасары,

жұмылдыру бөлімшесінің бастығы, майор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT