2023 жылғы 28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Министрі Шаққалиев Арман Абайұлы халықпен және бизнес өкілдерімен кездесулер, брифинг және азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.
Негізгі іс-шаралар: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 77 (Салтанат Сарай ғимараты).
Халықпен және бизнес өкілдерімен (кәсіпкерлер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) кездесу сағат 16.00 – 17.15;
Брифинг – сағат 17.20 – 17.40;
Азаматтарды қабылдау – сағат 17.45 – 18.15.
Сіз Сауда және интеграция Министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 39 19 (СИМ).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 39 19 (Азиза Нұрпейісова).
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 27 қыркүйек күні сағат 15.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: 8 705 762 71 69 (Іңкәр Қадыр - СИМ баспасөз қызметі).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияның Министрі А.А. Шаққалиевке сұрақ қоюға шақырамыз.