Күн мен желден қуат алу. Цифрлық майнинг субъектілері ЖЭК-ке ауысады

Цифрлық майнинг субъектілерінің қызметі қалай реттеледі? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта сандық цифрлық майнинг субъектілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Бірқатар бірқатар ұсыныстар жасау жоспарланып отыр.

«Министрлік осы субъектілерді одан әрі реттеу шеңберінде мыналарды ұсынады - цифрлық майнинг қызметін лицензиялауды енгізу; цифрлық майнинг субъектілерінің электр энергиясын тұтынуына квоталарды айқындау; жаңа майнерлер үшін қуаттарды қосуға мораторий енгізу; цифрлық майнинг субъектілерін жаңартылатын энергия көздерінен және импорттан электр энергиясын тұтынуға ауыстыру. Мұның бәрі бүгінде электр энергиясын өндіру және тұтыну нарығындағы теңгерімді теңестіру және негізсіз тапшылықты болдырмау үшін жасалады», - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ, ол республиканың энергия жүйесі өткен жылдары – 2007-2012 жылдар кезеңінде де электр энергиясының тапшылығы проблемасымен бетпе-бет келгенін атап өтті. Жауап шара ретінде электр энергиясына шекті тарифтерді енгізе отырып, «Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасы қабылданды. Нәтижесінде пайда болған тапшылық жойылып, 1,2 ГВт жаңа қуаттарды іске қосу және 1,7 ГВт қуаттылықты қалпына келтіру арқылы орта мерзімді қуат резерві құрылды.

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика