Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында Атырау облысы бойынша 4 554 алушыға аталған төлем шамамен 4,5 млрд. теңге сомасына жүзеге асырылды. Қордан бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем бала туған күннен бастап бала күтімін іс жүзінде жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына тағайындалады. Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының кірісіне және кірісті алмастыру коэффициентіне (40% немесе 0,4) байланысты болады. 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында аталған төлемді біздің облыс бойынша Қордан 3,3 млрд. теңге сомасына 15 627 адам алды. Әлеуметтік кодекс шеңберінде Қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлері өзгеріссіз сақталатынын атап өткен жөн. Бұдан басқа, Әлеуметтік кодекс аясында 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап: - жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүру бойынша қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекшіні міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту қарастырылған. Бұл дегеніміз, әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жеке көмекшінің Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқығы болады, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы үшін еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы төлеміне құқығы болады. Жалпы әртүрлі әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің дамуы азаматтарды нәтижелі және формалды жұмыспен қамтуды ынталандыруды көздейді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпаратты Қордың интернет-ресурсы (gfss.kz), сондай-ақ Қордың және оның Филиалдарының әлеуметтік желілерідегі аккаунттарынан алуға болады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде жұмыс істейтін халықтың мүдделерін қорғау байланысты болады
- Информация о материале
- Қоғам
- : 478