"Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның "толық адам" тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз", – деп жазды Мемлекет басшысы.
Күнтізбеміздегі жаңа мереке осыдан үш жыл бұрын пайда болды. Содан бері 10 тамыз ресми түрде Абай күні болып жарияланды.
2022 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Абай Құнанбаевтың құрметіне флешмоб ұйымдастырған болатын.