Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Ізіңнен еріп келемін...»

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ “БІЗ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ АРҚЫЛЫ ҚОҒАМДА ЕҢБЕКҚОР ЖӘНЕ НАҒЫЗ МАМАН БОЛУ ИДЕЯСЫН НАСИХАТТАЙМЫЗ. БҰЛ “АДАЛ АЗАМАТ-АДАЛ ЕҢБЕК-АДАЛ ТАБЫС” ҚАҒИДАТЫНА ТОЛЫҚ САЙ КЕЛЕДІ” ДЕП АТАП ӨТТІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, КӘСІБИЛІК СИЯҚТЫ ҚАСИЕТТЕР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНУДА.

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі студенттерімен жұмысшы мамандықтар жылына орай колледж студенттеріне жұмысшы мамандығының түрлері мен ерекшеліктері, олардың өміріндегі әкелердің алар орны туралы түсінік бере отырып, еңбекке деген, әкеге деген құрмет сезімін ояту, кәсіптік мамандыққа, жауапкершілікке баулу мақсатында «Ізіңнен еріп келемін...» атты әкелер семинары өткізілді.

Семинардың бірінші бөлімінде әкелер балаларының мамандыққа сай оқып, білім алып отырған кәсіптік білім ордасының материалдық-техникалық базасымен танысып, шеберлік сабақтарға қатысты. Екінші бөлімде үш топқа бөлінген әкелер «Жұмысшының бір күні», «Мамандықтың өмірмен байланысы», «Мамандық таңдауда кететін қателіктер» тақырыптарында берілген тапсырмаларға сай жұмыс жасап, студенттерге ауылдық жердегі жұмысшы мамандығының рөлін, оның тіршілікпен байланыстылығын атап, мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді.

Семинарға қатысқан әкелердің әрқайсысы отбасын, бала-шағасын асырауда еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелері болғандықтан әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа негізделген жағдаяттарға талдау жүргізілді. Семинар соңында әкелерден «Фотоаппарат» әдісімен кері байланыс алынып, белсенділік танытқан әкелер колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.

Айнагүл ШАКУПОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT