Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ірі мұнай-газ жобаларында отандық тауарлар мен қызметтерге қолдау көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM –  Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Солтүстік Каспий (Қашаған) жобасы бойынша елішілік құндылықты дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мәселесін қарады.

ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбектің айтуынша, ірі мұнай-газ жобаларында жер қойнауын пайдалану мақсаттарында пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірушілерді қолдау жұмыстары қолға алынды. 
Ірі мұнай-газ жобаларында отандық тауарлар мен қызметтерге қолдау көрсетіледі

Ірі мұнай-газ жобаларында отандық тауарлар мен қызметтерге қолдау көрсетіледі

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

    − 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» ЖШС (NCOC) жалпы көлемі 528,2 млрд теңгеге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алған. Оның ішінде жергілікті қамту үлесі 314,4 млрд теңгені немесе 59,5%-ды құрады. Атап айтқанда, 7,57 млрд теңгеге тауар, 182,3 млрд теңгеге – жұмыс және 124,5 млрд теңгеге – көрсетілетін қызметтер алған, − деді Құдайберген Арымбек Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында.

2023 жылмен салыстырғанда жұмыстарды сатып алу көлемі бойынша жергілікті қамту үлесі 2,4%-ға өскен. Алайда 2023 жылмен салыстырғанда тауарлардағы көрсеткіш 24,3%-дан 15,5%-ға дейін төмендеген. Ал 2024 жылы жұмыстарды сатып алудың жалпы көлемі – 246,3 млрд теңге және барлығы қазақстандық жеткізушілер. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 233,1 млрд теңге болса, қазақстандық жеткізушілер 124,5 млрд теңгеге қызмет көрсетті. 
Ірі мұнай-газ жобаларында отандық тауарлар мен қызметтерге қолдау көрсетіледі

Ірі мұнай-газ жобаларында отандық тауарлар мен қызметтерге қолдау көрсетіледі

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

    – 2024 жылы NCOC-пен қол қойылған отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілермен жалпы сомасы шамамен 116,9 млн АҚШ долларына 23 келісімшарт бекітілді. Оның ішінде 4 млн АҚШ долларын құрайтын 2 инвестицияға айырбастау келісімшарты, 6 ұзақмерзімді шарттар және «Сынақ тапсырыстары» тетігі бойынша жалпы сомасы шамамен 112,9 млн АҚШ долларына 15 келісімшарт (жоғары қысымды клапандарды, гидравликалық клапандарды, оптикалық кабельдерді жеткізу) жасалды, - деп толықтырды Қ.Арымбек.

2025 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енген Тендерлік рәсімдерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қашаған жобасының сатып алуларына қазақстандық тауар өндірушілерін тарту үшін маңызды қадам болды. Олар жалғыз жергілікті өндірушіден сатып алу мүмкіндігін, жергілікті өндірушілер арасында тендер өткізуді, инвестицияларға/ұзақмерзімді келісімшарттарға айырбастау келісімшарттарын жасасуды, жергілікті өндірушілерге шартты жеңілдікті ұлғайтуды көздейді.

2024 жылғы 18 желтоқсанда NCOC тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің және тиісті шарттар жасалғанша тендерлік процестерді қамтитын E-procurement электронды сатып алу жүйесін іске қосты.

Сондай-ақ, 2024-2029 жылдарға арналған тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасы келісудің соңғы сатысында тұр.

Бұл бағдарлама тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесін жыл сайын арттыру (2029 жылға дейін тауарларда 30%-ға дейін, жұмыстарда – 85%-ға дейін және көрсетілетін қызметтерде – 75%-ға дейін) көзделген.

Бұған дейін NCOC басқарушы директоры Джанкарло Рую Қашаған кен орнындағы компания жұмысы туралы айтып берген еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT