«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Түркия еліндегі Ақдениз университетінің профессоры, дизайнер Айдын Зор және өңірге танымал сән саласының шеберлері қатысты – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сән байқауында қала және ауданнан келген 9 дизайнер бақ сынады. Олар «Фольклорлық костюм», «Спорттық костюм», «Классикалық костюм» , «Күнделікті костюм» және «Кешкі көйлек» бағыттарына сай келетін ұлттық киімнің заманауи үлгілерін ұсынды.
Мақсат - мәдени кеңістіктегі дәстүрлі және стильді ұлттық ерекшелігін таныту , дамыту және дәріптеу.
Байқау нәтижесінде, жүлделі 3-ші орынды жас дизайнер Айзада Кененова иеленіп, 2-ші орын сән саласының шебері атанған Айсұлу Оразбаеваға бұйырды. Ал, 1-ші орынды Эльза Қайыржанқызы қанжығасына байлады. Байқаудың бас жүлдесін құрманғазылық Шарбану Амирова иемденді.
Сән байқауының барлық қатысушыларына ақшалай сертификаттар табыс етілді .