Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр

Атырауда ақпан айының соңғы онкүндігінде қар жиі жауып, қала көшелері мен жаяу жүргінші жолдары адам мен көлік қозғалысына кері әсер етуде. Алайда күн райының қолайсыздығына қарамастан жұмысшылар күні-түні қар тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Бұл жұмысқа күндіз 96 арнайы техника, оның ішінде “СпецАвтоБаза” ЖШС-ң техникасы және жекеменшік техникалар жұмылдырылды. Сондай-ақ күндіз 187 жол жұмысшысы үздіксіз қар тазалауда.

Қаладан шығарылған қар көлемі күніге шамамен 4000 текше метрді құрайды. Қар тазалау жұмыстары күн-райы тұрақталғанша, күшейтілген режимде жалғаса береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT