Атырау облысында 5 778 түлек үшін мектепте соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл 197 мектепте 134 838 оқушы тәмамдады. Оның 5 778-і - мектеп бітіруші түлектер.
Аймақта 288 оқушы «Алтын белгіге», 218 оқушы - «Үздік аттестатқа» үміткер. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында апаттық жағдайдағы мектептердің санын азайып, 1 мектептің құрылысы жүруде және осы жылы 3 жаңа мектептің құрылысы басталмақ.
Жоспарланған білім беру объектілері 2022 жылы аяқталып, өңірдегі апаттық мектептер мәселесі толық шешіледі. Білім беру сапасын арттыру үшін 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.