Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

«Атырау облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жетекшілік еткен жиында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ерлан Назаров баяндама жасап, аталған бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Іс-шаралар жоспарына сәйкес, 15,6 шақырым жылу, 1,4 шақырым су және кәріз, 696,7 шақырым электр желілеріне, сондай-ақ, «Атырау Жылу Электр Орталығы» АҚ-ның №6,7,10 жылу агрегаттары мен №3,4,6 турбоагрегаттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 412 білім беру мен 147 денсаулық сақтау нысандары, 1774 көппәтерлі тұрғын үйлер, 1198 бірлік жылу қазандықтары дайындалды. Сондай-ақ, 561 шақырым жылу, 13963 шақырым электр, 4074 шақырым сумен жабдықтау, 513 шақырым су бұру желілері және «Атырау Жылу Электр Орталығы» АҚ-ның 14 жылу агрегаттары мен 11 турбоагрегаттары әзірленді»,-деді ол.

Сонымен қатар, Е.Назаров алдағы жылу беру маусымына дайындығы туралы да тоқталып, жылу маусымы біткен соң жұмыстар басталатынын айтты.

«Коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің өз қаражаты есебінен 2,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес, 13,2 шақырым жылу, 0,8 шақырым су және кәріз, 674,906 шақырым электр желілеріне, сонымен қатар, «Атырау Жылу Электр Орталығы» АҚ-ы бойынша №2, №9, №11 жылу агрегаттары мен №5, №9 турбоагрегаттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды»,-деді басқарма басшысы.

Десе де бұл бағытта проблемалық мәселелер бар. Оның айтуынша, қазіргі таңда Махамбет ауданында 15 су тазарту қондырғылары болғанымен жағдайы нашар. Олар 2011-2015 жылдары пайдалануға берілгеннен бері ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Су насостары, су тазалау сүзгілері жарамсыз күйде. Бұған қоса, негізгі қондырғылардың тозуы тұрғындар үшін толық қуатында, мерзімді су беруге мүмкіндік болмауда. Жиында сондай-ақ, Атырау қаласы мен Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарының жай-күйі де тыңдалды.

Айталық, наурыз айының басында Құрманғазы ауданындағы электр қуатының ажырауы немесе 23 елді мекеннің жарықсыз қалуы бойынша қазіргі жағдайы сұралды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанова қазіргі таңда жарық мәселесі толықтай қалыпқа келтірілгенін, әрі жауапты тұлғалардың қатаң бақылауында екенін жеткізді.

Жиын соңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жауапты басқарма мен Атырау қаласы және аудандар әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді.

«Жылу беру маусымын жоспарға сәйкес аяқтап, алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын бастаңыздар. Наурыз айында Құрманғазы ауданында болған жарық сөну оқиғасы қайталанбауы үшін тексеріс жүргізіп, маған баяндаңыздар»,-деді аймақ басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT