Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Инвестициялар тарту бойынша Атырау өңірі республикада алдыңғы орында

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде сыртқы инвестиция – 902 млрд теңге, ішкі инвестиция – 1,5 трлн теңге. Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестициялардағы Атыраудың үлесі 18,3%-ды құрайды. 

«Облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестиция 3,5 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, кәсіби, ғылыми-техникалық қызмет және басқа бағыттарға тартылды», - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, облыста 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. «Қазіргі уақытта құны 76 млрд теңгені құрайтын Атырау вагон жасау зауытының құрылысы басталмақ. Зауытта 1 700 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, сұйытылған газ сақтау қоймасы. Жобаның құны – 18 млн АҚШ доллар. Ауыл шаруашылығы саласында ауданы 5,6 га құрайтын жылыжай салынады. Жобаның құны – 8 млрд теңге. Бұл инвестициялық жобалар 2024 жылы іске қосылады», - деді аймақ басшысы.

@ortcom_kz #CCS

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT