Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Инклюзия бойынша алғашқы бүкіләлемдік конгресс Қазақстанда өтеді

 Бұл жаңалық Лондонда өткен білім саласындағы ең ауқымды шара - Bett Show алаңында жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Бүкіләлемдік конгресс инклюзия саласы бойынша үкіметтің, педагогтердің, технологиялық компаниялардың, сарапшылар мен мамандардың басын қосатын бірегей жаһандық платформа болмақ. Оның басты мақсаты - заманауи жетістіктерді талқылау, үздік тәжірибелермен бөлісу және инклюзиялық білім беруді дамыту.
 Конгресстің келесі негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
• Практикалық іске асыруға басымдық беру;
• Үшжақты тәсіл (педагогикалық инновациялар, технологиялық жетістіктер, корпоративтік ынтымақтастық);
• Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аудару.
«Конгресс инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы халықаралық бастама болады. Бұл беделді халықаралық шараны Қазақстанда өткізу - біздің әділетті және инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді, сондай-ақ білім беру реформалары мен технологиялық инновациялардағы жетістіктерін айқындайды. Оған халықаралық корпоративтік көшбасшылардың қатысуы стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанға әлемнің назарын аударып қана қоймай, инвестициялар тартуға ықпал етеді», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
 Анықтама үшін: 2024 жылы елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны 230 мыңнан асты. Елдегі мектептердің 90%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалардың үлесі 80%-ды құрайды.
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT