Жаппай тәртіпсіздіктің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына, сондай-ақ террористік шабуылдарға қатысты тергеуді арнайы прокурорлар жүргізеді.
Ал ІІО тергеушілері өндірістегі қылмыстық істер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әр адамның жеке басын зерделейді және оларды жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыс жасауға итермелеген мән-жайларды анықтайды. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндағандай, тергеушілер өздерінің қылмыстық істерінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың жеке басын мұқият зерттеп, тәртіпсіздіктер кезінде құқық бұзушылық жасауға итермелеген жағдайларды анықтайды.
«Бұл ретте, барлығын барынша қатаң жауапкершілікке тартуға бағытталған мақсат қойылған жоқ. Күдіктілердің көбісі адал азаматтар болғанымен, оқиға кезінде жылдам байып кетемін деп немесе басқа адамдардың сөздеріне еріп, қылмысты жасағанда байқалмай қалатынына үміттенгені де анық. Осыған байланысты, олардың жеке басы, жағымды мінездемелері мен залалды өтегені ескеріле отырып, бұлтартпау шарасы өзгертіліп, 323 күдікті күзетпен ұстаудан босатылды», - деді спикер.