Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ерлан Қошанов: Президент «Мемлекет құламайды» деген бір сөзімен халыққа рух берді

Қаңтар оқиғасында халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында, Президенттің ерік-жігерінің арқасында мемлекеттігімізді сақтап қалдық. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Мәжіліс қабырғасында осымен екінші рет Бас прокурор мен құқық қорғау органдарының басшыларын тыңдадық. Ең басты айтар кетерлігі – бұл Парламенттегі тыңдау тікелей эфирде өтіп жатыр. Бұл мемлекеттің, биліктің ашықтығын және осы ауыр мәселені егжей-тегжейлі анықтауға ерекше мүдделі екенін көрсетеді. Халқымыздан жасыратын ештеңе жоқ, соған қоғам да шындыққа көз жеткізу керек деп санаймыз», - деді палата төрағасы.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасының нақты жоспарланған ауыр қылмыс екенін дәлелдейтін фактілер жеткілікті, бүгін айтылды. Бұл жайттар Бас прокурордың баяндамасында да толық қамтылды. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күні қаңтардағы қайғылы оқиғалардың негізгі себеп-салдары белгілі деуге болады.

«Қаңтарды ұйымдастырушылардың көздегені – қантөгіспен болсын, қандай да жолмен билікті басып алу еді. Мәжілісте көрсетілген айғақтар мен қару-жарақтар көрмесі бүлікті ұйымдастырған топтың осы пиғылын анық дәлелдейді. Олар өз дегендерін жүзеге асыру үшін бейбіт халықты қалқан етті, аңғал жастарды адастыруға тырысты. Бұл ашығын айтқанда Тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын. Бірақ халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында, Президентіміздің ерік-жігерінің арқасында мемлекеттігімізді сақтап қалдық», - деді Е. Қошанов.

Сонымен бірге, Е.Қошанов бүлікшілердің басты мақсаты – халықты үйрейлендіріп, қоғамды аласапыран қылып, Президентті қызметінен кетуге мәжбүрлеу болғанын айтты.

«Мен Мемлекет басшысының осындай қиын жағдайда мойнына ауыр жауапкершілік алып, батыл шешімдер қабылдағанына куә болдым. Ол туралы айтылып та, жазылып та жүр. Соның барлығы шындық. Осындай сын-сағатта Қ. Кемелұлы «Мемлекет құламайды» деген бір ауыз сөзімен халыққа рух беріп, үндеу жариялады. Мемлекетті бұрын-соңды болмаған қиындықтан алып шықты. Ең бастысы, елдің туы жығылған жоқ. Кешегі жалпыұлттық референдумда, Президент сайлауында халықтың Қасым-Жомарт Тоқаевты жаппай қолдауы, зор сенімі осының шынайы көрінісі, дәлелі деп санаймын», - деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, бүгін ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты депутаттар сауалына жауап берді.

фото https://ru.sputnik.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT