Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еріктілер кеңесі қоғам өміріне өз үлесін қосуда

Еріктілер кеңесі – мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етеді.

Осы тұста, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту бағытында Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментімен 31 мемлекеттік қызметшіден құралған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органымен (бұдан әрі – Еріктілер кеңесі) 2025 жылы бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Оның ішінде, мемлекеттік қызметшілер қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ерікті қызмет (қоршаған ортаны қоқыстан тазалау, су жағалауларын тазарту, ағаш отырғызу және т.б.), әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, қарттар үйлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалғызбасты қарт адамдарға барып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қол ұшын созу және т.б.шаралар атқарылуда.

Бұдан өзге, Атырау қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері Еріктілер кеңесі аясында, қала тұрғынына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қол ұшын созған болса, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, Мақат ауданы әкімдігі және өзге де мемлекеттік орган қызметшілерімен қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Департаменттің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT