Өзіне-өзі қол жұмсау туралы ақпараттың БАҚ-та жауапты жариялануы өте маңызды. Бұл мәселеге өте тыңғылықты назар аударған жөн.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ-тың өзіне өзі қол жұмсау фактілерін жауапты жариялауына арналған панельдік пікірталас барысында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Мачей Адам Мадалинский осындай пікірін жеткізді.
«Бұл шын мәнінде, өте өзекті қоғамдық мәселе болып табылады. Әсіресе, COVID-19 таралуына байланысты қойылған шектеулер кезінде бұл мәселенің өзектілігі артты. Мысалы, неше адамның COVID-19 жұқтырғаны, нешеуі көз жұмғаны және т.б. туралы ақпараттардың күнделікті жариялануы. Өздеріңіз көріп отырғандай, пандемия құрбандары, т.б. ақпараттарды тыңдай отырып, оқшауланған адамдар күйзеліске ұшырайды, жабырқайды, көңіл-күйі түседі, бұл әртүрлі жағымсыз пікірлердің, ойлардың туындауына әкелді. Еуропалық Одақ бұл проблеманы өте өзекті мәселелердің бірі ретінде қарай отырып, әртүрлі құралдарды пайдалануда, мысалы, қоғамдық денсаулық сақтау мәселесіне байланысты», - деді спикер.