Мұндай қатты қалдықтарды қалалық полигонға төге аласыз.
Облыстың қалалары мен елді мекендерін абаттандыру қағидасының екінші ережесінде белгіленгендей, тұрғындар ескі-құсқы жиһазын көлігімен арнайы орынға апарып, QR код арқылы ақысын төлегеннен кейін ғана тастай алады. Қалалық полигонға кіру құны бір текше метр мөлшерінде - 860,25 тг.
Егер көпке ортақ пайдаланатын қоқыс контейнерлеріне тастаса:
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабына сәйкес, ортақ орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау- бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 18 460 теңге айыппұл салынады.
Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі