Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамытуды ел үкіметі мен аймақ басшыларына айрықша тапсырған болатын. Осы тапсырма негізінде ауданға қарасты ауылдық округтер уақыт талабына сай жаңарып, халыққа ең алдымен қажетті сәулеті мен салтанаты келіскен әлеуметтік нысандар бой көтеріп, игілікке берілуде. Солардың қатарында Елтай ауылдық округін де атап өтуге болады.
Ауылымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде өзге ауылдық округтер секілді дамып келеді. Күні бүгін ауылда 3524 тұрғын бар. Оның ішінде ер адам – 1798, әйел адам – 1726, экономикалық белсенді халық саны – 1889.
Өтіп бара жатқан жыл ауыл үшін табысты болды деуге толық негіз бар. Атап айтқанда, ауыз су бұрын сағатпен ғана берілетін, биыл жаңа насостық станса орнатылып, тұрақты түрде берілуде.
Аққала ауылындағы көше жарық шамдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауыл толықтай жарықтандырылды. Былтыр Аққала ауылына жазғы су желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 19 шақырым жаңа жазғы су желісі тартылған болатын. Нәтижесінде жазғы су үздіксіз су берілді.
Елтай, Аққала ауылдарындағы көшелерге 90 қоқыс жәшігі орнатылды. Соның арқасында көше тазалығын сақтауға тағы бір қадам жасалды. Елтай ауылындағы қар суының басу қаупі бар үйлер орналасқан көшелердің 5 жеріне диаметрі 500-дік суағар тұрбасы салынып, пайдалануға берілді.
Елтай, Аққала ауылдарындағы 36 дана өрт сөндіру гидранттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өрт сөндіру гидранттарының барлығына арнайы белгілері орнатылды. Ауыл орталығында орналасқан балалар ойын алаңы жөндеуден өткізіліп, заманауи ойын құралдары орнатылды.
Ауылдағы Енбаева, Махамбет, Тайманов, Жеңіс, Мөңкеұлы,Шәріпов көшелеріне 100 дана темірбетон бағаналар мен 83 дана лэд жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар Қауашева, Тайманұлы, Датұлы, Саптаяқов, Базарбаев көшелеріне жаңа 3 км болатын сип кабель тартылып, 100 дана лэд жарық шамдары орнатылды. Елтай, Аққала ауылдарындағы автомо - биль жолдары бойындағы жол белгілері жаңартылып, Елтай ауылындағы 3 көшеге жасанды жол кедергілері орнатылып, жол қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік жасалып отыр. Елтай ауылындағы ток көзі жетіспеушілігін жою мақсатында Қазақстан-1 ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлерге жаңадан 400 кВт трансформатор орнатылып, халық игілігіне берілді.
Ауылдық округте 965 үй орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылды. Ауылдың түлеуіне ауыл шаруашылығы саласының қосып отырған үлесі ұланғайыр екені айтпаса да түсінікті. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығымен айналысушылардың қатары көбейіп келеді. Әсіресе жастардың көзқарасы жоғары деп айтуға болады. Күні бүгінге округ бойынша мүйізді ірі қара – 7484, қой-ешкі – 15870, жылқы – 2789, түйе 548 басты құрап отыр. Нәтижесінде 13 мың тонна ет, 1110 тонна сүт, 57 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Кәсіпкерлік саласында да ілгерілеушілік бар. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдетілген несиенің игілігін көріп отырған кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тартып келеді. Мәселен, ауылда 153 кәсіпкер тіркелсе, 176 адам жұмыспен қамтылып отыр. Округ бойынша аудандық «Мансап» орталығына 154 адам жұмыс іздеп хабарласса, соның 144-і жұмыспен қамтылды.
Оның ішінде тұрақты жұмыспен 77 адам қамтылса, 67 адам түрлі уақытша маусымдық жұмыстарға тартылды. Оның ішінде ақылы қоғамдық қоғамдық жұмысқа – 37, «Жа - стар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 11 жұмыссыз аудан көлеміндегі әртүрлі мекемелерге, «Күміс жас» жобасы бойынша 5 жеке кәсіпкерге (ЖК «Кисимов Н.К.»-5, «Азамат» ш/қ- 1, «Досмағанбетов Д.Е.» ш/қ- 2, «Бибатыр» ЖК-2, «Жақсылықов З.» ЖК-1) 11 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындары арқылы 4 жеке кәсіпкерге (ЖК «Кисимов Н.К.»-4, «Азамат» ш/қ- 1, «Жақсылықов З.» ЖК-2, ЖК «Ашимова А»-1) 8 жұмыссыз азамат орналасты. Жыл басынан бері 6 отбасындағы 27 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 3148782 теңгенің жәрдемақысы төленді.
Округке қарасты мекеме ұжымдары, жастар, кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары аз қамтылған, көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен көп балалы отбасыларына және «Мектепке жол» акциясы бойынша 286 адамға 1 828 750 теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетті.
Ауылда Мұқанғазы Сиранов және Аққала орта мектептерінде 590 бала білім алады. Оларға 100 педагог білім беріп келеді. Ауылдағы «Қызғалдақ» бөбекжайында 115 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Сондай-ақ, ауылда 1-6 жас аралығында – 198, 3-6 жас аралығында 146 жас өскін бар. Демографиялық өсім артып келеді. Былтырғы жылы 37 сәби өмірге келсе, биыл 51 сәби өмірге келді. Ауылда 2 кітапхана бар болса, онда 23676 кітап қоры жасақталған. Екі мәдениет үйінде 188 шара өткізілді. Ауылда 3 спорт алаңшасы, 2 спорт зал болса, онда 10 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі дәріс беруде.
Соңғы 30 жылда болмаған алапат су тасқыны ауылды біраз әбігерге салғаны рас. Десек те, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен халықтың ауызбіршілігінің арқасында су тасқынына қарсы бөгеттің 1,9 км ағымдағы жөндеуден өтті. Өздеріңізде куә болып отырсыздар, дамбалар биіктетіліп, алдағы жылы болатын су тасқынына дайындық шаралары күз мезгілінде басталып кетті. Сол кезде де орын алар қиындықтарды еңсереміз деген сенім бар.
Ауыл тазалығын сақтау – ұдайы назарымызда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өмірге келген «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында Елтай, Аққала ауылы тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 650 дана ескертпе қағазы таратылды. 15 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғаса беретін болады.
Үстіміздегі жылы кәсіпкерлердің табыс салығынан 2 млн 605 мың теңге, жеке тұлғаның мүлік салығынан 225,0 мың теңге, жер салығынан 275,0 мың теңге, көлік салығынан 7 млн. 494 мың теңге, коммуналдық мүлікті жалдаудан 106,2 мың теңге, жер учаскелерінің жалдау құқығын сатудан 284,8 мың теңге, жер телімін пайдаланудан 38,0 мың теңге, бірыңғай жер салығынан 710,0 мың теңге, барлығы 1 1 млн. 703 мың теңге түсіп, қазына қаржысының молаюына өз септігін тигізді.
Жалпы Елтай ертеңіне сенімді екенін атап өткім келеді.
Дулатбай Сариев
Индер ауданы
Елтай ауылдық округ әкімі