Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Еліміздің тірегі – еңбек адамы

сурет ғаламтордан алынды

Ел дамуының негізі – тынымсыз еңбек. Әсіресе, көзге көрінбейтін, бірақ қоғамның алға жылжуына тікелей әсер ететін күш – жұмысшы мамандардың маңдай тері.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуі – еңбек адамына көрсетілген зор құрметтің дәлелі. Бұл қадам жұмысшы мамандығының мәртебесін арттырып, жастар арасында сұранысын арттыра түспек.

Біздің аудан да күн сайын осы еңбек адамдарымен көркейіп, дамып келеді. Таңсәріден кешке дейін тынымсыз тер төгіп жүрген жұмысшылар – өз ісінің шеберлері, қоғамның нағыз қаһармандары.

Жұмысшы мамандықтары тек ел экономикасына үлес қосып қана қоймай, жастарға үлгі, ұрпақ тәрбиесіне өнеге бола алады. Себебі еңбек – тәрбиенің бастауы. Сондықтан еңбек адамына деген құрмет әрқашан биікте болуы тиіс.

 

Б.СЕРІК,

кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT