Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елімізде екінші АЭС салу қарастырылуда

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ертісте тағы бір атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін айтты.

«Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Ертісте, Курчатов қаласының маңында пайда болуы әбден мүмкін. Қазақстан көміртекті бейтараптық жолына түсіп жатса, бірнеше атом электр станциясын салудан басқа жол жоқ. Яғни, Ертіс болашағы зор учаске екені сөзсіз», - деді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Жандос Нұрмағанбетов қазір бұл мәселе талқыланып жатқанын айтты.

«Сәтімен іске қосылып, бірінші стансаның құрылысы басталса, екінші сұрақ туады: Қазақстанда қанша атом электр станциясы болады? Бұл мәселе талқыланып жатыр. Қазақстандағы екінші атом электр станциясы Ертісте, Курчатов қаласына жақын жерде пайда болуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Бағдарлама әзірлеп, реактор технологиясы мен қаржыландыру схемасы анықталуы керек. Министр айтқандай, осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында ақпарат береміз», - деді Энергетика министрінің орынбасары.

 

pixabay.com

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT