Бұл туралы Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Таlap» коммерциялық емес ұйымының вице-президенті Санжар Тәттібеков айтты.
Бизнес сектордың кәсіптік-техникалық колледждерге қолдау көрсетуі арқылы, өндіріс орындарын сапалы кадрмен қамтамасыз етуге жол ашылады.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу кезінде, колледждерге тәлімгерлік жасау мәселесін көтерген болатын. Қазіргі таңда колледждерге академиялық дербестік берілді. Колледждер талапқа сай кадр даярлай алады.
Біз жер қойнауын пайдаланушылардың табысының 1 пайызын колледждерге бөлуінің бірегей механизмін жасақтайтын боламыз. Бұл қаржы оқытушылардың біліктілігін арттыру, оқу процесі аясында студенттердің шет елдерде білімін шыңдау, яғни, отандық сапалы кадр даярлау ісіне жұмсалатын болады» деп атап өтті «Таlap» коммерциялық емес ұйымының вице-президенті Санжар Тәттібеков атыраулық колледждер басшыларымен кездесу кезінде.
Еске сала кетелік, Атырау облысында 24 колледж бар.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА