Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елімізде 260 мемлекеттік балабақша қайта жөнделеді

Үкімет осы жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz. 

Биыл мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету, бала күтіміне байланысты кеңес беру пунктінің саны 4 245-ке дейін көбейтіледі.

Оқу-ағарту министрлгінің мәліметінше, мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады. 500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасына қатысады. 2025 жылы еліміздің барлық өңірінде «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Орта білім беруде 272,8 мың оқушыға арналған орын енгізу, ерекше қажеттілігі бар балалардың 90 пайызын арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте жастан түзету шараларымен қамту, физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндері бойынша 1 мың заманауи кабинет сатып алу, 1,3 мың ауыл мектебін қайта жаңарту жобасын іске қосу көзделген.

Колледждерде техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша сұранысқа ие мамандықтарға (9-сынып түлектерін) 100% тегін оқыту, жұмысқа орналастыру міндеттемесімен мақсатты тапсырысты 10 мың орынға ұлғайту, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін 2 есеге арттыру, 80 колледждің материалдық-техникалық базасын жеке инвестицияларды тарту арқылы нығайту және жабдықтау, колледждерде 10 шағын кәсіпорын ашу жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT