Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕЛДІҢ ГҮЛДЕНУІ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауын ел болып тыңдадық, қайтара оқып таныстық.

Ең біріншіден өткен жетістіктерді термелеп жатпады, сөздің басын билік пен бұқараның арасындағы қыл көпірдің нығаюы үшін не керектігін негіздеп, тізбелеп айтты. Өмірдің тірегі ана мен бала. Ана баланың жанашыры, қолдаушысы, қорғаушысы «Ел боламын десең-бесігіңді түзе»,-деді.

Ұлттың болашағы- қыздың ары мен жігіттің намысымен сыналып келді. Қазақ тәрбиесінде қыз балаға ерекше құрмет жасалып, кішкене кезінен тәрбиесіне орасан зор көңіл бөлген. Асыл дінімізде де бұл нәрсе ерекше айтылады. Ал қазіргі қоғамдағы адамдардың азғындалуының шегі бесіктен белі шықпаған сәбиді зорлауға дейінгі іс әрекетке апарды. Бұл ниеттің бұзылуы. Аузынан ананың сүті кеппеген бүлдіршіннің болашағына балта шауып, тәні мен жанын жаралауы, ұлттың болашағын ешбір соғыссыз құртуы деп білемін. Сол себепті әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, есірткі, адам сату секілді аса ауыр қылмыстардың жазасын күшейту туралы істі Парламент пен Үкіметке қадап тапсыру ең маңызды мәселе болды. Себебі, елімізде осындай азғындыққа толы ауыр қылмыстар азамай тұр.

Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, мәдениет қызметкерлерін қолдау, әсіресе кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселелер, олардың жалақысын көтеру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылуы, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылдау қажет секілді ұсыныс-тапсырмалары көңілге қонымды. Қазіргі таңда, жастар мәселесі ауқымды да тартымды ірі шаралардың бірі. Жаңа заман балаларына қолайлы орта қалыптастырылып, тиімді тіршілік көру барысында жан-жақты жағдайлар қарастырылған. Мұның бәрі, болашақ қамы, ертеңгі күннің таным-тіршілігі. Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қарқынды дамуы, ел болашағаның кепілі. Даму барысында негізгі рөл жастарға артыларын ескерсек, сол жастар өз қара басының қамын қамдамай, ел болашағының беріктігін қалқалап жүруі керек. Өрнегін салған өткен күндерді тарих сахнасына қалдырып, асығы алшысынан түсер алдағы сәттерді санасына түйіп, іс-әрекетке бет бұруы тиіс.

Ең басты шешімдердің бірі - 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды. Бұл дегеніміз азаматтық қоғамды нығайтудағы жұмыстардың маңызды құрамдас бөлігі десек болады. «Волонтер жылында» азаматтардың, әсіресе, студенттер мен оқыушылардың қатысу аясын кеңейту - негізгі міндет болмақ. Барлық жастарды белсенді болуға шақырамын. Жастар жылының жалғасы іспетті атаулы жылда да жақсы жұмыстар атқарылатынына сенімім мол. Тәуелсіз елдің жастары қазақ елінің ертеңі екенін білсе, М.Мағауин атамыз айтқандай «ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық идеалогияны қалыптастыруымыз», зейінімізді арттырып, топ ішінен даралануымыз, озық шапқан «XXI ғасыр Құлагері» атануымыз ақиқат. Татулығының арқасында бейбіт күн кешіп, жыл сайын жылжып, күн сайын өсіп отырған Қазақстанның алар асуы алда екеніне сенеміз.

Ендеше, еліміздің гүлденуі- жастардың қолында!

Аяулым МЫРЗАБЕК,

белсенді жас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT