Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕЛ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУ МІНДЕТ

 Күні кеше елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауы өткен болатын. Өз-өзімді ұсыну бойынша №9 сайлау округі бойынша депутаттыққа үміткер ретінде тіркелдім.

Мұндағы мақсатым – ауданымыздың алға қарай дамуына өз үлесімді қосу. Яғни, сайлауалды бағдарламамда көрсеткендей Тайсойған ауылына жаңа үлгідегі балабақша салынуына, халықтың аз қамтылған тобына жан-жақты қолдаулардың көрсетілуіне, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту жұмыстарын жетілдіруге, шағын бизнес өкілдері мен өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарға жеңілдетілген несие беру жұмыстарына ықпал ету еді. Алайда, өз таңдауын жасаған сайлаушылар қалаған үміткеріне дауыстарын берді. Сайлау кезінде ешқандай құқық бұзушылық болмай, заңдылыққа сай өтті деп есептеймін. Енді, №9 сайлау округі бойынша депутат болған азаматқа сәттілік тілей отырып, өзінің сайлауалды бағдарламасының орындауына бар күш-жігерін жұмсайды деген сенім білдіремін. Өз ауылының дамуы үшін сайлаушылар да жаңа сайланған мәслихат депутатына қолдау көрсетеді деп ойлаймын.

Злиха БЕРКЕНОВА,

Қызылқоға аудандық мәслихат депутаттығына үміткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз