Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ел болашағы үшін қажет бастама

Жақында өткен «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясына қатысып, сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.

  Бұл ретте, Мемлекет басшысы  референдум маңызды демократиялық институт екенін, бірақ Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы, яғни қазіргі Конституция бекітілген кезде өткенін жеткізіп:

– Жұмыс тобы Ата Заңның 33 бабына түзетулер әзірледі. Бұл – тұтас Конституцияның үштен бір бөлігі. Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едім. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын, - деді.

Әрине, қай мемлекеттің тірегі халық. Сондықтан бұл бағытта халықтың да айтар пікірі, ұсынысы болады. Бұған дейінгі болған референдумдарда халықтың пікірі ескеріле бермей Парламент Мәжілісінің отырысында бекітілетін. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының халықтың пікірімен санасуы өте құптарлық. Қазіргі таңда қоғамның барлық саласы өзгерістерге түскендіктен Ата Заңға да толықтырулар мен өзгерістер енгізген жөн деген пікірдемін. Қалай болғанда да бұл ел болашағы үшін қолға алынып жатқан бастама.

 

Шапиғолла ҚОНЫСБАЕВ,

Мемлекеттік қызмет саласының ардагері

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT