Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ҚАЛЫС ҚАЛМАҒАН АБЗАЛ

     Тасшағыл ауылдық округіне қарасты №149 сайлау учаскесінде 399 сайлаушы бар. Бұл сайлау учаскесіне Қоныстану елді мекені кіреді. Ертемен басталған саяси науқан аталмыш сайлау учаскесінде қызу жүруде. Жасы жетпістен асқан Балзия Қуанова, Тілекқабыл Бердешов отбасымен, ерлі-зайыпты Нұртас Бекмағанбетов пен Самал Ізімовалар ауылдастарына үлгі болып, сайлау учаскесіне ертемен келді.

   8d85cf8c-7312-4571-b4ea-7f7224baad68   Бұл ретте, жас сайлаушы Оразбек Тілекқабыл:
– Осымен екінші рет сайлауға қатысып отырмын. Соның ішінде Президент сайлауына қатысып, дауыс беру мен үшін маңызды. Бұл менің азаматтық міндетім деп есептеймін, - дейді.
Сондай-ақ, Тасшағыл ауылдық округінде тағы бір сайлау учаскесі орналасқан. №150 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлжайна Қалденова:
     – Сайлау учаскесінде дауыс беруге құқылы 652 сайлаушы бар. Ұлт болашағын ойлаған сайлаушылар ертемен келіп, қалаған үміткерлеріне дауыс беруде. №150 сайлау учаскесіне кіретін Қоғам елді мекені тұрғындарынан өтініш түссе комиссия мүшелері сайлау жәшігін алып барады, - дейді.
     Ертемен дауыс беруге келген сайлаушылардың арасында ІІІ топ мүгедегі Қойшыбай Керей де бар. Оның айтуынша, ел үшін маңызды саяси науқаннан ешкім қалыс қалмағаны абзал. Әсіресе, жастар келіп, өз таңдауларын жасағаны дұрыс. Өйткені, болашақ жастардікі.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521