Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еңбек ұжымымен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабы Талғар ауданындағы картон өндіруші «Nur kagazy» ЖШС ұжымымен кездесті.

Жиында атом энергетикасының ел экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздікке тигізер ықпалы талқыланды. Халық штабы мүшесі Ләззат Тұрлашов атом электр стансасын салудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол атом энергетикасының болашақ үшін стратегиялық маңызы бар екенін, сондай-ақ бұл шешім елді энергетикалық тәуелсіздікке бастайтынын айтты.

«Біз бүгін жаңа энергетикалық ке¬зең¬нің алдында тұрмыз. АЭС – тек электр қуатын өндірудің сенімді көзі емес, сондай-ақ еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші. Қазір біз электр энергиясының 70 пайызын көмір электр стансаларынан алып отырмыз. Алайда олардың экологиялық тұрғыдан тиімсіз екені белгілі. Көмірден бөлінетін зиянды заттар атмосфераға айтарлықтай әсер етеді, ал стансалардың тозу деңгейі 70 пайызға жеткен. АЭС салу – осы мәселелерді шешудің бірден-бір тиімді жолы. Біз заманауи III және III+ буын реакторларын қолдану арқылы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеміз. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін технологиялар», деді Л.Тұрлашов.

Кездесу барысында «Nur kagazy» өндіріс компаниясының қызметкері Сәбит Тастеміров электр қуатының жетіспеушілігі, оның өндіріс пен бизнеске тигізетін әсері тура¬лы өзіндік ойын ортаға салды. «Бүгінде өндіріс орындары үшін сенімді электр энергиясы ауадай қажет. 2023 жылы біз Ресейден 2 млрд кВт/сағ электр энергиясын импорттауға мәжбүр болдық, бұл қыруар қаражатты қажет етті. Мұндай тәуелділік бізді сыртқы факторлар алдында осал етеді және экономикамызға теріс әсер тигізеді. АЭС салу арқылы өзімізді тұрақты энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, артық қуатты шетелге де сата аламыз. Бұл біздің экономикамызды күшейтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді», деді ол. Сонымен қатар өндіріс маманы АЭС салу нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, мемлекетіміздің энергетикалық инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтеріледі деп үміттенетінін айтты. Онымен қоса әрбір азаматты алдағы референдумға қатысып, елдің энергетикалық болашағына өз үлесін қосуға шақырды. Кездесуде қатысушылар станса жоба¬сының экономикалық және эколо¬гиялық тиімділігін талқылады. Ұжым мүшелері атом энергетикасының ел болашағы үшін маңыздылығын түсініп, оны қолдауға дайын екендерін білдірді. Елмен емен-жарқын жүздесіп, пікір¬лескен Халық штабы мүшелерінің басты мақсаты – азаматтарға АЭС құрылы¬сының маңызы мен оның елге әкелетін пайдасы туралы жан-жақты ақпарат беру. Осылайша, алдағы референдумға қатысуға және елдің энергетикалық болашағын анықтауға атса-лысуға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT